$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанды VIII ғасырда мекендеген халықтың адам басына ота жасағаны дәлелденді

Отандық археологтер ел аумағынан алғаш рет қобыз тәріздес музыкалы аспапты тапты. Өскемен қаласынан 500 шақырым жерде орналасқан Қарақаба қорымынан табылған ескерткіш біздің дәуіріміздің VII-VIII ғасырына тән, деп хабарлайды 24.kz

Қорымды қазу барысында мамандар қару-жарағы және музыкалық аспабымен жерленген жауынгерді тапқан. Ол жылқысымен бірге көмілген.
Айта кетейік, бұған дейін Қатонқарағай жерінен тағы да басқа музыкалы аспаптар табылған болатын. Бірақ бұл жолғы олжа жақсы сақталған.

Өйткені қорым теңіз деңгейінен 1 750 метр биіктіктегі тауда орналасқан. Тамыз айының соңында мұнда қар жатады. Ал жер бетінің температурасы төмен болған сайын, ондағы топырақ құрамы жақсы сақталады екен.

—2012 жылдан бастап тұрақты қаржыландырудың нәтижесінде Самашев Зейнолланың ғылыми жетекшілігімен аталған қорымда қазба жұмыстары жүргізілді. Салдарынан Қазақстан аймағында теңдесіз музыкалық аспап табылды,— дейді Дастан Жұманбаев, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының кіші ғылыми қызметкері.

Сондай-ақ археологтер Қазақстанды VIII ғасырда мекендеген халықтың адам басына операция жасағанын дәлелдеген. Бас сүйегінде операцияның ізі қалған екі адам да осы қорымнан табылды. Мамандардың айтуынша, олар операциядан кейін тағы бірнеше жыл өмір сүрген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары