$ 447.4  477.55  4.76

Қаланың инфрақұрылымын дамытуға арналған жерлер тек заң бойынша алынады

Астана қаласының мәслихат депутаттары мемлекет қажеттілігі үшін сатып алынатын жер телімдеріне қатысты мәселені талқылады, деп хабарлайды skifnews.kz.

Қала әкімдігінің ресми сайтының хабаралуынша, Қалалық мәслихаттың кезектен тыс отырысында жер учаскелерін сатып алу жөніндегі жобаны келісу немесе мемлекет мұқтаждығы үшін алынатын жерлердің орнына басқа жылжымайтын мүлік қарастыру сынды өзекті мәселелер алдыңғы қатарға шығарылды.

Тұрақты комиссияның заң және құқықтық тәртіп жөніндегі төрағасының орынбасары Тимур Оразақовтың мәліметіндей: «Келісілген жобалар комиссияның тұрақты отырысында талқыланған. Оған тіпті мемлекет қажеттілігіне өтетін жерлердің иелері де қатысқан».

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта жер телімінің мемлекет қажеттілігіне өтетіні жөнінде ұсынылған 52 шарт бойынша жан-жақты келісімнің болғанын атап өтті.

— «Комсомольский» тұрғын алабындағы бұл жерлер балабақша, Есіл бойында саябақ салуға, жер үсті павильены, Торайғыров пен Жангелдин көшелерінде жылу желісінің құрылысы үшін, автотұрақ құрылысын жобалауға, Есіл өзенінің арнасын абаттандырып қайта құруға, шағын айналма жол (Бейсекова көшесінің бесінші учаскесі) мен Ақан сері көшесінің құрылысы үшін пайдаланылмақ, — деді Тимур Оразақов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары