14.10.2024, 17:00

Қарағанды облысында жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысты: Адам шығыны бар

Фото: видеодан кадр

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облысында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«11 қазанда Самарқанд ауылынан 1 шақырым жерде Теміртау-Нұра автожолында екі көлік –Volkswagen Passat пен «КамАЗ» жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығысу салдарынан Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.