$ 495.2  522.34  4.94

«Аяз, ызғырық жел, қар»: Алдағы күндері еліміздің солтүстігінде күн күрт суытады

Оңтүстік-шығыс облыстарда жаңбыр соңы қарға ұласады. 

Фото: freepik
Фото: freepik

Синоптиктер Қазақстанда 15, 16 және 17 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Метеорологтардың айтуынша, суық антициклон елдің солтүстік аймақтарына әсер етуді жалғастырады. Жауын-шашын тоқтағанымен, термометр бағандары алдағы түндерде минус мән көрсетеді. Алайда, күндізгі уақытта күн әлі жылы болады - 17 қазанда солтүстікте 5-10 градус жылы күтіледі.

"Шығысқа қарай жылжыған антициклон түнде және күндіз ауа температурасының төмендеуіне әкеледі, ал оңтүстіктен жылы ауа массаларымен бетпе-бет келгенде, температуралық қарама-қайшылықтан тек тауларда ғана емес, сонымен қатар қалған оңтүстік-шығыс облыстарда жаңбыр соңы қарға ұласады", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары