Жүрген-тұрғанын видеоға түсіріп, әдемі пост жазып қойыпты.
Талғарда марқұм Шерзаттың ауылына барған депутат Ардақ Назаров желіде сынға қалды. Көргендер оның өзімен мобилографын ертіп алып, журналистер сұрағын елемегеніне шағымданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Журналист Гүлбану Әниятқызы өзінің Facebook желісінде Ардақ Назаровтың видеосын жариялады.
“Ардақ Назаров – Алматы облысынан сайланған депутат. Талғар өзінің округі. Не үшін барды? Не бітірді? Халық қан жылап тұр. Ал мұның жүрісін, жауабын қараңыздар. “Көріп алайын” дейді. Нені көрмекші? Қасына мобилограф ертіп алған. Тойға барғандай. Жүрген-тұрғанын видеоға түсіріп, әдемі пост жазып қойыпты. Бардым халықтың қасынан табылдым деген есеп үшін бе? Сәл болсын намысы болса, депутаттық мандатын тапсыра салуы керек қой”, – деді ол.