$ 494.87  520.65  4.91

«Жанжалдың сыра үшін басталғаны дәлелденбеді»: Талғардағы қайғылы жағдайдың толық бейнежазбасы көрсетілді (ВИДЕО)

Жасөспірімнің қазасы бойынша 10 адам күдікті деп танылды, тағы 2 адам тергеуде.

Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Ішкі істер министрлігінің өкілі Талғарда 16 жастағы Шерзат көз жұмған күні бейне бақылау камерасына түсірілген видеоны көрсетті. Шерзат Болаттың өліміне қатысты күдіктілер туралы жаңа деректер айтылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

Бейнежазба 4 қазанға түсірілген күні "Қамажай" дүкенінде түсірілген. Видеодан Шерзаттың өліміне қатысты күдіктілердің бірі екі бөтелке сыра мен 4 темекі сатып алғанын көруге болады. Алайда төлем бірден жасалмаса керек. Біраз уақыттан соң ер адам тағы бір бөтелке сыра алып, оны қолма-қол ақшамен төлеген. 

Кейін күдікті дүкенге қайта оралып, телефонды қуаттауды сұраған. 4 минуттан соң келіп, телефонын алып кеткен. Әрі қарай оқиға дүкен сыртында жалғасады. Ер адамдар арасында жанжал басталып, арты төбелеске ұласқан. 

"Бірақ әзірге ұсталғандар арасында бұзақылық үшін сотталғандар да бар", - деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов.

Ал Хасан Қасымбаевтың бұл іске ешқандай қатысы жоқ.

Талғар аудандық полиция бөлімі күдіктілердің кейбірі пробация қызметінің есебінде тұр деген қауесеттен кейін тергеу жүргізуге уәде берді.

"Полиция дереу жұмысқа кірісті. Алдымен жеті айыпталушы, кейін тағы үш адам ұсталды. Жергілікті полиция шартты сотталғандардың түнде не себепті жүргенін анықтап жатыр. "Хутор" тобы туралы дерекқорда жоқ. Қазір Шерзаттың әкесі пышаққа ұқсайтын затты ұстағаны бойынша сараптама жүргізіліп жатыр", - деді Әленов.

Әленов бұл істің ерекше бақылауда екенін айтты. Сөзінше, қазір көптеген болжамдар мен сенімсіз ақпараттар кең таралып жатыр. Бұл тергеу тобының жұмысын қиындатады дейді. Жасырын тергеу жүріп жатыр екен. Бірақ жалған ақпарат ағынын тоқтату үшін бүгін брифинг өткізуді жөн көріпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 23
Күлкілі 8
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары