$ 494.87  520.65  4.91

Шерзаттың өліміне қатысты істің соты ашық өте ме? – прокурор жауабы

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов Шерзат Болатқа қатысты сот процесін онлайн өткізу туралы өтініш береді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов Шерзат Полаттың өліміне қатысты ашық сот мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Талғардағы қылмыстық іске қатысты тергеу қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл қайғылы оқиға барлығымызды бей-жай қалдырмады. Әр әке-шешеге баласын жоғалту – үлкен қайғы. Бүгін барлығымызға әділ және шынайы тергеу жүргізу қажет. Біздің тарапымызыдан тергеудің заңдылығы мен толықтығы объективті қамтамасыз етіліп жатыр. Тергеу сатысында ешқандай заң бұзу анықталған жоқ. Сот процесінің ашық өтуі бойынша прокуратура сотқа ашық хат енгізуді қарастырады», - дейді Берік Адамов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары