$ 487.24  529.34  5.02

Астанада таныс қызын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды

Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасына хабарлады.

Фото: opennews.kz
Фото: opennews.kz

Таныс қызын ұрып-соққан 27 жастағы ер адам сот алдына келді. Бұған дейін ол жәбірленушіге бейәдеп сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылып, 10 тәулікке қамауға алынған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

27 жастағы жігіттің таныс қызын ұрып-соғуына қатысты ісі сотпен қаралды. Құқық бұзушының жәбірленушіге қатысты балағат сөздер айтқаны үшін бұрын әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны анықталды.

«Сотталушы Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы «Ұрып-соғу» бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынды.

Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық қатарына көшкені туралы еске салады.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Тәніне зақым келтіріп, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары