15.10.2024, 21:30

Талғар ауданында тағы бір шенеунік қызметінен босатылды

Фото: Талғар ауданының әкімдігі

Бұл туралы Талғар ауданының әкімдігі мәлім етті.

Бұл туралы Талғар ауданының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Қасымбаев Аслан Нұрғайыпұлы қызметінен босатылды.

"Сонымен қатар Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков және оның орынбасары Айбек Дүйсембекұлы Бидаев "сөгіс" түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – делінген ресми ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Талғар қаласының әкімі мен оның орынбасары лауазымынан айырылған болатын.