Төрт жыл таныстықтан соң шаңырақ көтердік.
Боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі, блогер Клара Иса жолдасымен танысқан сәтін есіне алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Блогер келіншек оқырмандарының қойған бірнеше сұрағына жауап берді. “Жанқошпен қалай таныстыңыз?” деген сұраққа кеңінен тоқталды.
“Instagram әлеуметтік желісі арқылы таныстық. Бір жарым жыл телефонмен сөйлесіп жүрдік. Кейін кездестік. Қонақүйге шақырған жоқ. Дәрі берген жоқ. Алғашқы кездесуіміз бір жарым жылдан кейін мейрамханада болды. Төрт жыл таныстықтан соң шаңырақ көтердік. Екі жарым жыл қыз бен жігіт болып жүрдік. Үйленуге ұсыныс жасады”, – деп жауап қатты блогер келіншек.