$ 488.26  530.54  5.03

Жан Ахмадиев атышулы Хасан өзін қорқытқанын айтты (ВИДЕО)

Ахмадиевке әлдекім «Ассалаумағалейкүм, блогерсымақ, елді неге шулатып жатсың-ей? Связьға шықшы маған» деп дөрекі түрде хабарласқан.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Танымал журналист Жан Ахмадиева атышулы Хасанның өзін бопсалағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасына видео жариялады.

Ахмадиевке әлдекім «Ассалаумағалейкүм, блогерсымақ, елді неге шулатып жатсың-ей? Связьға шықшы маған» деп дөрекі түрде хабарласады. Журналистің сөзінше, желіге жариялаған видеосындағы дауыс атышулы Хасанның оған жіберген аудио хабарламасы.

«Бұл Хасанның маған WhatsApp арқылы жіберген хаты-мыс. Білмей жатып қараладың деп маған да, өзінің сұхбатында да баяндады», — деді Жан Ахмадиев.

Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Осы оқиғадан кейін жергілікті тұрғындар «Хутор» қылмыстық тобы және Хасан есімді адам жайлы жиі айта бастады. Кейін Хасанның халыққа видеоүндеу жолдағанын жазғанбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары