17.10.2024, 14:00

Қазақстандық фильм Америкадағы фестивальде жеңімпаз атанды

Фото: Instagram/gazeta_diapazon

"Шексіз үміт" фильмі — Шымкентте түсірілген. Оқиға желісі мен кейіпкерлері шынайы өмірден алынған.

"Шектеусіз үміт" фильмі Калифорния кинофестивалінің "үздік деректі қысқаметражды фильм" номинациясының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Диапазон" басылымы өзінің Instagram парақшасында хабарлағандай, фильмнің режиссері Марат Телеуов соңғы жылдары Алматыда еңбек етіп келеді. Ол Ақтөбе және Атырау қалаларында телевизиялық жұмыстарымен танымал. Сондай-ақ, президент телерадиокешенінде Еуропа үшін Қазақстан туралы төрт деректі фильм түсірді, артынша "Қазақфильмде" монтаж режиссері қызметін атқарды.

"Шексіз үміт" фильмі — Шымкентте түсірілген. Оқиға желісі мен кейіпкерлері шынайы өмірден алынған.