17.10.2024, 13:40

«Алаяқтар код сұрайды»: Мемлекеттік кірістер департаменті халыққа ескерту жасады

Фото: Pixabay

Департамент жеке мәліметтерді ешкімге бермеуді ескертеді.

Мемлекеттік кірістер департаменті алаяқтар органдардың атынан қоңырау шалып жатқанын айтып, үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті алаяқтар бұрыннан белгілі схема бойынша әрекет ететінін хабарлайды – салық төлеушінің салықтық хаты бар немесе шоты бұғатталған деп мәлімдейді.

Мәселені шешу және айыппұлдарды болдырмау үшін бетпе-бет кездесуге онлайн брондау ұсынылады. Содан кейін кодты 1414 нөмірінен жәбірленушінің телефонына жібереді және брондау процесін аяқтау үшін кодты жазуды сұрайды", – делінген хабарламада.

Департамент жеке мәліметтерді ешкімге бермеуді ескертеді.

"Сондай-ақ, қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, ақша аударуға, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береміз", – деді ведомство өкілдері.