$ 494.87  520.65  4.91

Талдықорғанда шенеунік әжетхана салуға бөлінген 75 млн теңгені жымқырған

Сот аталған іс бойынша үкім шығарды. 

Фото: qamshy.kz
Фото: qamshy.kz

Жетісу облысында аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйым директоры сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры туристік объектілердегі санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуға арналған 74,7 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған. Прокурорлық тексеріс объект іске қосылмағанын, ал бөлінген қаражат шығындалып кеткенін көрсетті", - делінген хабарламада.

Сарқан ауданының прокуратурасымен соталды тергеп-тексеру басталып, іс сотқа дейін жеткізілді.

Сот үкімі бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры түрлі мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазаларына сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары