$ 487.24  529.34  5.02

Шерзат Полаттың ісі: тағы бір күдікті ұсталды

Тергеу барысы Ішкі істер министрінің бақылауында.

Фото: Orda.kz
Фото: Orda.kz

Кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу барысында 17 қазан күні тағы бір күдікті К. есімді азамат ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізу жалғасуда. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің бақылауында», - деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаменті.

Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кейін марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары