Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қазгидромет еліміз бойынша 19-21 қазанға арналған ауа райы болжамын жасады. Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде жауын шашын болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.
Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, жел күшейеді, солтүстік аудандарда – көктайғақ, оңтүстікте – найзағай болады.