$ 495.2  522.34  4.94

Ақтау тұрғыны жедел жәрдемге «пранк» жасап, өкініп қалды

Тұрғын арнайы қызметке "көп көлемде дәрі-дәрмек" қабылдағанын айтып қоңырау шалған.

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

2024 жылдың 14 қазанында Ақтау тұрғыны жедел жәрдемге себепсіз қоңырау шалған. Енді ол арнайы қызметтерді жалған шақырғаны үшін 80 мың теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы баспасөз қызметінің ақпаратынша, тұрғын арнайы қызметке "көп көлемде дәрі-дәрмек" қабылдағанын айтып қоңырау шалған. Алайда жедел жәрдем бригадасы шақыртуға барғанда, ер адам мұның "пранк" екенін айтқан.

"Осыған байланысты, шақырту жалған қоңырау есебінде тіркеліп, Ақтау қаласының тұрғынына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 438-бап. бойынша Арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақырту бойынша 80000 теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары