$ 494.87  520.65  4.91

Абай облысында жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды

Үш көлік соқтығысып, салдарынан 3 адам қаза болды.

Фото: ПД
Фото: ПД

Оқиға 18 қазанда республикалық маңызы бар "Омбы-Майқапшағай" тасжолында болған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Үш көлік соқтығысып, салдарынан 3 адам қаза болды. Оның ішінде Семей қаласының полиция аға сержанты Асхат Ахатов бар.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық мән-жай анықталып жатыр.

"Полиция департаменті марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Еске салсақ, көз жұмған полицей биылғы наурыз айында қылмыскерден пышақ жарақатын алып, қызды батылдықпен құтқарып қалған", – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары