$ 494.87  520.65  4.91

Петропавлда департамент басшысы қызметкеріне «ақымақ» дегені үшін жазаланды

Басқарма басшысының өзі аталмыш сөзді қарамағындағы қызметкерге қатысты қолданғанын жоққа шығармады.

Фото: freepik.com
Фото: freepik.com

Петропавлда қарамағындағы қызметкеріне "ақымақ" дегені үшін департамент басшысына қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

18 қазанда әдеп жөніндегі кеңесте СҚО медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысына қатысты тәртіптік іс қаралды.

Істің мән-жайын облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Дархан Ермеков айтып берді.

26 тамызда кеңсесінде кеңсе меңгерушісі инспекторымен әңгімелесу кезінде қарамағындағы қызметкерді үш рет "дебил" деп атаған. Ожеговтың түсіндірме сөздігіне сәйкес, "дебил" сөзі "ақыл-ойы дамымай қалған адам" деп түсіндіріледі. Мұндай сөзді қол астыңдағы қызметкерге қатысты қолдану дұрыс емес. Осылайша ол "мемлекеттік қызмет туралы" заңды және мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексін бұзған, – деді Дархан Ермеков.

Басқарма басшысының өзі аталмыш сөзді қарамағындағы қызметкерге қатысты қолданғанын жоққа шығармады. Алайда басшы осы сөз арқылы этикалық нормаларды бұзғанын мойындаудан бас тартқан.

Басшы өздері жұмыс істейтін бөлімнің медицина саласымен байланысты екенін, сондықтан "ақымақ" бұл жағдайда қорлау емес, диагноз екенін айтты. Бірақ бұл медициналық мекеме емес, басша да мемлекеттік қызметкерлерге мұндай диагноз қоятын дәрігер емес, – деді Ермеков. 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау басқармасының басшысы әдеп жөніндегі кеңес отырысына істі оның қатысуынсыз қарауды сұрап, келмеген. Кеңес мүшелері шенеуніктің бұл әрекетін кеңеске жасалған құрметсіздік деп бағалады. 

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері басқарма басшысына қатаң сөгіс жариялауға бірауыздан дауыс берді. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ержан Қарымсақов басқарма басшысының әдепсіз әрекеті туралы денсаулық сақтау министрлігінің әдеп жөніндегі уәкіліне хабарланғанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары