20.10.2024, 15:30

Ертең қазақстандықтар аспаннан ерекше құбылысты байқай алады

Фото: Pixabay

21 қазанға қараған түні сағатына 20-ға дейін метеор түседі деп болжанып отыр.

Қазақстандықтар 21 қазанға қараған түні "Орионид" метеорлық ағынын бақылай алады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

21 қазанға қараған түні сағатына 20-ға дейін метеор түседі деп болжанып отыр.

“Орионидтер басқа метеор ағындарының арасында өздерінің жарқын отты шарларымен ерекшеленеді. Ол секундына 65 шақырым жылдамдықпен қозғалатын үлкен метеорлардан тұрады”, – делінген хабарламада. 

Қазақстандықтар оларды түн ортасына жақын және таң атқанға дейін көре алады.