Тарихшының айтуынша, бұл тек ел ішіндегі резононс емес, ол тіпті шетелдік ақпарат көздерінде де жазылып, талқыланып жатыр.
Атасы жемқордың, баласы да жемқор. Коррупция әкеден балаға беріледі деген рас па? Қазір ұсталып жатқандардың аталары да кезінде ақша алған ба? Қазақ қоғамы қай уақытта сынды? Және Шерзаттың өлімі жайлы ақпарат шетелге таралып, масқара болып жатқанымыз ұят емес пе? Осы сынды сұрақтардың жауабын белгілі тарихшы, профессор, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев Qasqa Jol YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тарихшының айтуынша, бұл тек ел ішіндегі резононс емес, ол тіпті шетелдік ақпарат көздерінде де жазылып, талқыланып жатыр.
«Бізде билік пен қылмыс арасында кейде жағымсыз байланыстар бар. Бұл соның көрінісі. Жалпы билік пен қоғам бір біріне оппозицияда болады. Бұл адамзат баласына тән құбылыс. Тек қана қазақ емес, бүкіл әлемде солай. Қазақтың дәстүрлі қоғамында ерлік дәуірінде қоғам өте мықты болды. Өз айтқанын, қоғамның мүддесін билік басындағыларға жасата білді. Тіпті XVIII-XIX ғасырдың басына дейін осы тәртіп келді. Қоғам бірігіп, өз айтқанын билікке істете алатын. XIX-XX ғасырдың басында тұтас тоталитарлық жүйеде өмір сүрдік. Содан қоғам басылып, былжырап қалды. Қоғамды бітіріктіріп, басын қосып одан билікті тәртіпке шақыратын азаматтарымыздың көпшілігі жоқ. Қоғам мен билік арасында теке-тірес болып жатыр.
Соңғы 30 жылдық та бізге ауып тиді. Коррупция өте жоғары деңгейде болды. Сонымен байланысты қылмыс қой. Оған қоса, моральдық ұстанымдардың да нашарлығы ғой. Ұйымдасқан қылмыстық топтың сол ауылында жүргеніне көніп отыр ғой. Ауыл көніп отыр. Баяғыда жолы кесілетін топ қой. Олардың біреуі әкімшілікте қызмет жасайды, біреуі түрмеде, екіншісі бейресми авторитет болып отыр. Осылайша бүкіл ауылды ұстап отыр. Бұл ауылда билік, әкімшілік қайда? Қоғам, қоғамдық ұжымдар қайда?
Жаңағылар кез-келген дүкенді тонап кетеді, асханадан тегін тамақ ішеді. Жабылып адамды ұрады, өлтіріп кетеде. Ойына келгенін істейді.
Егер біз Қазақстанның болашығын жасаймыз десек, мұндай топтар болмау керек», - дейді Жамбыл Артықбаев.