$ 481.68  522.48  5

Колледжге кеткеннен кейін оралмаған: Ақтауда 15 жастағы қыз бес күннен бері іздестіріліп жатыр

Осы уақытқа дейін қыздың қайда екені белгісіз.

Фото: Волонтерлер ұсынған фото
Фото: Волонтерлер ұсынған фото

Ақтау қаласының маңында 15 жастағы Нұрсая Құралбаеваны бес күннен бері іздеп жатыр. Қыз бала колледжге кеткеннен кейін қайта оралмаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Волонтерлердің мәліметінше, Нұрсая Құралбаева Мұнайлы ауданындағы Бiрлiк көшесінде орналасқан жеке үйде тұрады. Ол 15 қазан күні таңғы сағат 08:00 шамасында Ақтаудағы политехникалық колледжге оқуға кеткен. 

Жоғалған қыздың белгілері: орта денелі, ұзын қара шашты, бойы шамамен 165-170 сантиметр. Үстінде қара желет, қара шалбар және ақ жолақтары бар қара кроссовка болған.

Нұрсая туралы қандай да бір ақпаратты білетін адамдардан +7 (700) 911-72-92 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары