21.10.2024, 16:40

Есен Елеукен кетіп, «Жайдарманға» жаңа басшы келді

Фото: facebook

Айта кету керек, бұған дейін жобаның атқарушы директоры Есен Елеукен республикалық телеарнаның бас продюсері қызметіне тағайындалды. 

Қазақстандағы танымал жастар жобасы – Жайдарманда кадрлық өзгерістер орын алды. Жобаның жаңа атқарушы директоры болып Жанасыл Болатбек тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

25 жылдық тарихы бар Жайдарман жобасы бүгінде миллиондаған аудитория жинайтын, жастардың креатив платформаларының біріне айналған.

Жобаның Қазақстан бойынша 20-дан астам филиалы, 150 өкілдіктігі бар, оның ішінде 5 республикалық лига мен 3 500 команданы қоса алғанда 10 000-нан астам шара ұйымдастырып үлгерген. 

Айта кету керек, бұған дейін жобаның атқарушы директоры Есен Елеукен республикалық телеарнаның бас продюсері қызметіне тағайындалды. 

Бұл ретте, Жайдарман жобасының хабарлауы бойынша ойындар кестесі өзгермейді және келесі JAIDARMAN TOP финалдық ойыны жооспарланғандай 23 қарашада Астана қаласының Орталық концерт залында өтеді.