21 қазаннан 22 қазанға қараған түні №86 "Шымкент-Астана" пойызында әйелдің толғағы басталған.
Жүктілігінің соңғы айында Шымкенттен Астанаға күйеуімен бірге жолға шыққан әйел пойызда босанып, қыз баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚТЖ-ның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
21 қазаннан 22 қазанға қараған түні №86 "Шымкент-Астана" пойызында әйелдің толғағы басталған. Сағат 23:30-да күйеуі пойыз қызметкерлерінен шұғыл көмек сұраған.
Пойыз бастығы Қаракулова Гүлшат пен жолсерік Адамбаева Анара жедел түрде барлық қажетті шараларды қабылдап, жолаушының аман-есен босануына көмектесті.
Нәтижесінде, 21 қазанда сағат 23:55-те қыз бала дүниеге келді. Сары-Шаған станциясына жеткенде жедел жәрдем шақырылып, жас ана мен жаңа туған нәресте дәрігерлердің қарауына тапсырылды.