22.10.2024, 18:00

Ақтау әуежайына қатысты тергеу жүріп жатыр

Фото: АЗРК

Әуежай қызметін пайдаланатын тұрғындардан ақшалай қаражат алу жолымен үстеме пайда алу әрекеттері байқалды.

Маңғыстау облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті бағаны көтерді деген күдікпен Ақтау халықаралық әуежайының автотұрағына қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Алдын ала нәтижелер бойынша әуежай қызметін пайдаланатын тұрғындардан ақшалай қаражат алу жолымен үстеме пайда алу әрекеттері байқалды», - деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ, монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтар расталған жағдайда концессиялық шартты бұзу немесе оның талаптарын өзгерту туралы нұсқама берілетіні атап өтіледі.