$ 495.2  522.34  4.94

Желіде никаб киген, қолы қанға боялған қыздың видеоcы тарады

Осы оқиғаға байлаынсты Ақтөбе облысы ПД өкілдері оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Фото: t.me/halyqstan
Фото: t.me/halyqstan

Әлеуметтік желіде Ақтөбеде түсірілген видео тарады. Әлгі бейнежазбада қара никаб киген, қолы қанға боялған қыздың полиция ғимаратына кіруге тырысқаны айтылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған видеоның астына қара никаб киген және қолы қанға боялған қыз Ақтөбе облысы ПД ғимаратына кіруге тырысқаны  туралы жазылған.

Оқиғаға куә болғандар қыздың айқайлап, полиция басқармасы ғимаратының ішінде біреуді шақырып жатқанын айтқан.

Осы оқиғаға байлаынсты Ақтөбе облысы ПД өкілдері оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Есірткі заттарын сату бойынша қылмыстық іс бойынша күдікті құжаттарын қайтаруды талап еткен. Құжаттар қылмыстық іс материалдарында сақталған. Оған медициналық көмек көрсетіліп, түсіндірме әңгіме жүргізілді», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары