23.10.2024, 08:30

Синоптиктер ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жасады

Фото: pixabay.com

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Синоптиктер 23 қазанда Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкентте түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай ойнайды.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 м/с.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың орталығында, шығысында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.