«Қайрат» қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсті.
Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы аясында «Қайрат» венгриялық «Халадаш» командасын жеңді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық команда жауапсыз төрт гол соғып, ойынды аяқтады. Осылайша «Қайраттың» осы маусымдағы Чемпиондар лигасының алғашқы ойыны жеңіспен басталды.
Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсті.
Енді қазақстандық команда 23 қазанда Семейдің «Елімай» клубымен шеберлік байқасса, 25 қазанда Португалияның «Спортинг Лиссабон» клубымен кездеседі.
Аталған турнирде алматылық команда бұған дейін 20 мәрте бақ сынап үлгерді. Бұл Еуропа құрлығындағы командалар арасында абсолютті рекордты тіркеді.
«Қайрат» келесі ойынды ертең 19:50-де Алматыда «Балуан Шолақ» спорт кешенінде «Семей» футзал клубына қарсы ойнайды. Матчты тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасынан көре аласыздар.