Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің бақылауында.
Алматы облыстық полиция кәмелетке толмаған қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер төрт күдіктіні де анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайлары анықталып жатыр", – деп хабарлады ведомстводан.