24.10.2024, 00:30

Депутат Тұрлыхановтың ұлын қадағаламаған қызметкерлерге қатаң шара қолданылды

Фото: Polisia.kz

Енді Нұрасыл Болат түрмеде 1 жыл 5 ай 10 күн отырады. 22 қазанда ол сот залында қамауға алынды. 

Ішкі істер министрлігі депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатты қадағаламаған қызметкерлерге қандай шара қолданғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Біз бұл іс бойынша қызметтік тексеріс жүргіздік. Қатаң шаралар қолдандық. Барлық қызметкеріміз жазаланды, - деп айтты Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.

Бірақ нақты қалай жазаланғаны белгісіз.

Енді Нұрасыл Болат түрмеде 1 жыл 5 ай 10 күн отырады. 22 қазанда ол сот залында қамауға алынды.