24.10.2024, 08:30

Жаңбыр, тұман, көктайғақ: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Фото: Pixabay

Республика бойынша желдің күшеюі, тұман және көктайғақ құбылыстары күтілуде.

Қазгидромет 24-26 қазан күндеріндегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады, 24 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман және көктайғақ құбылыстары күтілуде. Температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», — делінген Қазгидромет хабарламасында.