24.10.2024, 13:00

Алматыда 19 жастағы жүргізуші ұсталды (ФОТО)

Фото: Алматы ПД

Аз уақыт ішінде жас көлік жүргізушісі 195 рет жол ережесін бұзған.

Алматыда 19 жастағы жүргізуші аз уақыт ішінде 195 рет жол ережесін бұзған. Оны тәртіп сақшылары қаланың Медеу ауданындағы Достық даңғылы бойында ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазіргі уақытта көлік жүргізушісі әкімшілік қамаққа алынып, оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылған.

«Аз уақыт ішінде жас көлік жүргізушісі 195 рет жол ережесін бұзған. Айыппұлдың жалпы сомасы шамамен 7 миллион теңге. Кей жағдайда жүргізуші жалған нөмірді пайдаланып, көліктің жылдамдығын 200 шақырымға дейін үдеткен. Көліктің өзі көрші Қырғызстанда тіркелген. Сот қаулысымен көлік жүргізушісі әкімшілік қамаққа алынды, оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізуші барлық айыппұлын толығымен төлеуге міндетті болады», - деді Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Аманбек.