$ 492.14  528.85  5.01

«Бейбіт жоспарды қолдаймыз»: Тоқаев Ресей-Украина соғысындағы ұстанымын айтты

Мемлекет басшысы «БРИКС плюс» саммитіне қатысты.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев " БРИКС+/аутрич" пленарлық отырысында сөз сөйлеп, Украинадағы соғыстың аяқталуы бойынша елдің ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

Мемлекет басшысы БРИКС өзара тиімді ынтымақтастыққа ниетті көптеген елдің назарын аударатын халықаралық ауқымдағы жаһандық орталыққа айналып келе жатқанын атап өтті.

Президент атап өткендей, Қазақстан Қытай мен Бразилияның Украина бойынша бейбіт жоспарын қолдайды.

Біздің еліміз БРИКС-ке қатысушы мемлекеттердің Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі туралы алаңдаушылығымен бөліседі. Бұл көптеген адам шығыны мен гуманитарлық апатқа әкелді. Біздің ойымызша, кедейлік, теңсіздік және білім жетіспеушілігі сияқты қақтығыстардың түпкі себептерін бірлесіп жою халықаралық саяси ынтымақтастықты нығайтудың негізгі факторы болып қала береді, - деді Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары