$ 495.2  522.34  4.94

Ақтөбе қаласында Димаштың көрмесі ашылды

Көрменің ашылуына қатысқан  Димаштың ата-анасы Қанат және Света Айтбаевтар қатысты.

Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Ұлттық мереке – Республика күніне орай, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Халық әртісі, композитор және мультиаспапшы Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған "Дүние дидарындағы Димаш" көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Сан миллион көрерменді өнерімен тәнті қылған Димаш - Ақтөбе облысының құрметті азаматы. Сондықтан да Димаштың шығармашылығына арналған көрмені қала қонақтары мен тұрғындары бей-жай қалдырмасы анық. Көпшілік назарына ұсынылып отырған көрме Димаштың өмірі мен өнердегі жетістіктерінен құралып отыр. Осы орайда көрменің Астанадан кейін туған жерінде ұйымдастырылуына септігін тигізген Димашқа және ата-анасына шынайы алғысымызды білдіреміз", - деді Асхат Шахаров құттықтау сөзінде.

Көрменің ашылуына қатысқан  Димаштың ата-анасы Қанат және Света Айтбаевтар, әншінің ұстазы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Марат Әйтімов те сөз сөйлеп, көрменің Димаш туған өлкеде ұйымдастастырылуының маңыздылығы туралы айтты.

Шарада Димаш Құдайбергеннің орындауындағы халық әні "Дайдидауды" А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің оқушылары орындады.

Шашу шашылып ашылған көрмеде алтын дауысты әншінің қазақы болмысын, оның қайталанбас үнін қалыптастырған ортасын, жеке оқиғаларды қозғауға мүмкіндік беретін экспонаттар және танымал тұлғалар мен көптеген жанкүйердің сыйлықтары ұсынылды. Көрме мазмұны жағынан бір-бірімен байланысты төрт бөлімге бөлінеді. Біріншісі "Шабыт көздері" деп аталады. Онда әртістің өмірбаяны, өскен ортасы, балалық шағы мен шығармашылық жолын көрсететін заттар (фотосуреттер, жекеленген заттар); екіншісі "Даңққа апарар жолда" - кәсіби білім жолында республикалық, халықаралық байқауларда және т.б. алған дипломдары мен марапаттары; үшіншісі "Жанкүйерлер махаббаты" бөлімде әртістің жанкүйерлерінің тарту еткен сыйлықтары; ал "Ұлт мәдениетінің жаршысы" деп аталатын бөлімде Димаштың әлемдік аренада ұлттық мәдениет пен брендтің танылуына ықпал ететін заттары (ұлттық музыкалық аспаптар, ұлттық костюмдері, баспа материалдары және т.б.) қойылған.

Көрме жұмысы 24 желтоқсанға дейін жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары