25.10.2024, 08:30

«Жаңбыр, қар, тұман»: Республика күні ауа райы қандай болады?

Фото: freepik

Астанада көшпелі бұлт, өткінші жаңбыр жауады.

Синоптиктер мереке күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

25 қазанда Астанада көшпелі бұлт, өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні 15-20, түнде және таңертең секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 8-10 градус жылы.

26 қазан көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 8-10 градус жылы.

27 қазан көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 6-8 градус жылы.

Алматы

25 қазанда Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 15-17 градус жылы.

26 қазан көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауады. Шығыстан соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 15-17 градус жылы.

27 қазан көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы.