25.10.2024, 21:30

Астанада Республика күні 16 сәби дүниеге келді

Фото: istockphoto.com

Оның - алтауы қыз.

Нәрестелердің арасында ұлдар басымдыққа ие болды. Бүгін 16 сәби дүниеге келсе, оның - алтауы қыз, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қалалық перинаталдық орталықта аналарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен елордалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Әлия Рүстемова және облыс әкімінің орынбасары құттықтады.