$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда науқас аурухана терезесінен секірмек болды (ВИДЕО)

Науқас 52 жаста.

Фото: Видеодан скриншот
Фото: Видеодан скриншот

Ақтауда Маңғыстау облыстық ауруханасында науқас өзіне қол салмақ болып, оны қызметкерлер құтқарып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Науқас төртінші қабаттың терезесінен секірмек болған. Алайда дәрігерлер дер кезінде жақын жерде болып, ер адамды матамен орап, аман алып қалды.

Видео желіде тарап кетті.

Облыстық полиция департаменті оқиға орнына полицейлердің жеткенін хабарлады. Қазір олар ер адамды палатасында күзетеді.

Науқас 52 жаста. Өз-өзіне қол салуға әйелімен жанжал себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары