Турнирдің жалпы жүлде қоры 27 100 000 теңгені құрайды.
Астанада XIII республикалық «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Барыс Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен ХІІІ республикалық «Қазақстан барысы» турнирінің финалында Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент қаласы) пен Ерасыл Қажыбаев (Абай облысы) белдесті.
Нәтижесінде «Қабанбай» лақапатымен белгілі Ерасыл Қажыбаев қарсыласынан басым түсіп, «Қазақстан барысы» атанды.
Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры 27 100 000 теңгені құрайды, оның ішінде 3 720 000 теңге спортшылардың жаттықтырушыларына беріледі. Жүлделер келесідей бөлінеді: 1-орын үшін – 15 000 000 теңге, 2-орын үшін – 3 300 000 теңге, 3-орын үшін – 1 080 000 теңге. Әр жеңіске жеткен белдесуі үшін балуан 100 000 теңге алады.