Жалын сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар депаратментінен 90 құтқарушы, 12 техника тартылған.
Атырау қаласында сауда орталығы өртеніп жатыр. Жергілікті құтқарушылар сауда орталығының ғимаратынан 80 адамды қауіпсіз аумаққа шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, өрт туралы бүгін, 27 қазанда сағат 18:37 шамасында шақырту түскен.
«Департаменттің өрт сөндірушілері Атырау қаласындағы сауда-ойын сауық кешеніндегі өртке байланысты оқиға орнына жедел жетті. Қазір сауда орталығының ғимаратынан 80 адамды, оның ішінде 45 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады. Оқиға орнында штаб құрылып, өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», -деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.
Фото: Атырау облыстық ТЖД
Өрттен ешкім зардап шекпеген. Жалын сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар депаратментінен 90 құтқарушы, 12 техника тартылған.
Фото: Атырау облыстық ТЖД