$ 492.14  528.85  5.01

Шерзат Болаттың ісіне қатысты 5 бап бойынша тергеу жүргізіліп жатыр

Оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Ішкі істер министрлігі 16 жастағы Шерзат Болаттың ісіне қатысты 5 бап бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 5 бабы бойынша іс қозғалған: 99-бап (Қасақана кісі өлтіру), 293-бап (Бұзақылық), 115-бап (Қорқыту), 432-бап (Қылмысты жасыру), 434-бап (Қылмыс туралы хабарламау).

«Тергеу барысы менің жеке бақылауымда. Оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», - деді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

Министрдің айтуынша «Қасақана кісі өлтіру» бабы бойынша 8 адам, «Қылмыс туралы хабарламау» бабымен 3 адам ұсталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары