$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде олигархтардан алынған қаражатқа мұқтаж жандар үшін баспана салынбақ

Сонымен қатар Шымкентте мұқтаж отбасыларды одан әрі қамтамасыз ету үшін мемлекет меншігіне өтетін көпқабатты тұрғын үй салынады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматыда олигархтардан тәркіленген 12 миллиард теңгеге мұқтаж жандар үшін екі баспана салынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мәліметтерге сенсек, Алматыда заманауи мәдениет орталығы салынады. Оның ауданы үш мың шаршы метрден асады. Бұдан бөлек арнайы залдар мен әмбебап көрме алаңдарын, білім беру және демалыс орындарын қамтиды.

Нысан іске қосылғаннан кейін жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарынан келушілерге тегін репетициялар мен шеберлік сабақтар өткізіледі деген болжам бар.

Сонымен қатар Шымкентте мұқтаж отбасыларды одан әрі қамтамасыз ету үшін мемлекет меншігіне өтетін көпқабатты тұрғын үй салынады.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңның субъектілері әлеуметтік-мәдени объектілерді салуға қатысуы қажет екенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары