Әпке, Алла аңқылдаған ақ жүрегіңізді рақымына алсын.
Белгілі сазгер, ақын Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті. Қаралы хабарды танымал блогер Лаура Сейітбек хабарлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Лаура Сейітбек Instagram-дағы парақшасында Құрманай Бақтяирқызының видеосын жариялап, оның қайтыс болғанын хабарлады.
"Әпке, Алла аңқылдаған ақ жүрегіңізді рақымына алсын", - деп жазды желі жұлдызы.
Белгілі актриса Нұргүл Даубаева да көпшілікке қаралы хабарды жеткізіп, әсерлі жазба қалдырды.
"Соңғы кездесуім екенін білмедім. Сене алар емеспін. Керемет адам. Жаныңыз жәннаттан орын алғай", - деп жазды ол.