Ер адам кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Астана тұрғыны банкоматтан өзгенің ақшасын алып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Астана тұрғыны полицияға жүгінген. Оның айтуынша, бейтаныс біреу оның 1 миллион теңгесін иемденген. Банкоматтағы ақау салдарынан жігіт салған ақша қабылданбай, бетінде қалып қойған.
Өтіп бара жатқан азамат бұл ақшаны тауып алғанын хабарлаудың орнына, оны иемденіп, сол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Есіл ауданды криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушінің банкомат арқылы өз шотына ақша салмақ болғанын анықтады. Қала тұрғыны қолма-қол ақшаны ақша қабылдағышқа салған, операция аяқталды деп ойлап, кетіп қалған. Алайда техникалық себептерге байланысты ақша есепке алынбай, банкомат оны қайта шығарған. Жәбірленуші мұны байқамаған, ал жанында тұрған ер адам осы жағдайды пайдаланып, ақшаны алып, қашып кеткен.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушылық жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адамды анықтады. Ақшаны ол жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.