"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, алдағы күндері күн жылынып, жауын-шашын тоқтай қоймайды.
Синоптиктер алдағы сейсенбіде, 2024 жылы 29 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, алдағы күндері күн жылынып, жауын-шашын тоқтай қоймайды.
"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Республикамыздың басым бөлігінде тұман түсіп, жел екпін алады, ал еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі", делінген 29 қазанға арналған ауа райы болжамында.Сондай-ақ, гидрометеорологиялық орталық алдағы тәулікте республикамыздың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тауларда жауған жаңбырға байланысты өзен-сулардың тасу қаупі байқалатынын хабарлайды.