$ 494.87  520.65  4.91

Илья Ильин отбасындағы қуанышты жаңалықпен бөлісті (ВИДЕО)

Айта кетейік, биыл ақпанда Илья Ильиннің екінші перзенті дүниеге келген еді.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Қазақстандық спортшы Илья Ильин әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол 10 айлық қызының тілі шыққанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы қызының сөйлеген видеосын Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады.

«Айлиша алғашқы сөзін айтты, «әке» деді. Бұл жақсы жаңалықты сіздермен бөлісіп отырмыз», — деп жазды Ильин.

Желі қолданушылары видеоның астына ізгі тілектерін қалдырды.

«Үлкен мықты азамат болсын, өзің сияқты!», «Тәп-тәтті Айлиша ата-анасының мейіріміне бөлене берсін!», «Күшті айттыңыз қазақша. Қазақ тілін қайдан білесіз?», «Өте қуаныштымыз», «Керемет, әкесінің қызы тіл көзден аман болсын балапан», — деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, биыл ақпанда Илья Ильиннің екінші перзенті дүниеге келген еді. Қызға Айли деген есім берілді. Спортшы өткен жылдың қаңтарында екінші рет отау құрған болатын. Оның таңдауы кәсіпкер Татьяна Гордиенкоға түскен. Илья Ильиннің алғашқы жұбайы қазақстандық гандболшы Наталья Кулакова болған. 2009 жылы ерлі-зайыптының Милан есімді қызы өмірге келді. Ал 2017 жылы Илья мен Наталья ажырасып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 31
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары