$ 495.2  522.34  4.94

«Өркеші есіктен сыймай қалды»: Мейрамханаға түйе кіргізгендер көпшіліктің ашуына тиді

Гүлмира Әбіқай халыққа үндеу жасап, “той иелерінің қылығы дарақылық” деп ашуланды. 

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде мейрамханаға түйе алып кіргендер қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қоғам белсендісі, журналист Гүлмира Әбіқай халыққа үндеу жасап, “той иелерінің қылығы дарақылық” деп ашуланды. 

“Той жасама деп ешкімге шектеу қоя алмаймыз. Әр адам өз тапқан табысына орай қуанады. Бірақ жеке мерекелер һәм қырқынан шықпаған нәрестені тойхана ортасында шілде суға шомылдыру дұрыс емес шығар? Тойды несиеге шашылып жасап, тойға бару үшін де қарыздану дұрыс емес, меніңше. Ал мынадай дарақылықты мүлдем қою керек! Не болды ал? Тойхана есігінен өркеші сыймай атан түйе кері қайтты. Тойға малсыз-ақ өзіміз кіре берейікші, а?! Онсыз да тойда мал болатындар көп қой”, – деп жазды журналист. 

Бейнежазбаны көрген бір топ оқырман түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі ерекшелік десе, енді бірі қауіпті екенін айтты. 

“Дұрыс тойға тоқтау салу керек. Тек үйлену той мен сүндет тойға рұқсат берсін”, “Түйе тілі болса, бізге ренжуші еді”, “Түйені аяп отырмын”, “Осындай дарақылық, мақтаншақтық керек емес”, – деп жазды көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары