30.10.2024, 06:30

Қазіргі имам, молдаларға «Сексолог» деген атақты қоса беру керек – Ахметбек Нұрсила (ВИДЕО)

Фото: facebook.com/akhmetbeknursila1

Оның пайымдауынша, дін жолындағы кісілердің әлеуметтік желі арқылы мұндай тақырыпта әңгіме айтуы әбестік.

Белгілі бизнес-тренер, кәсіпкер Ахметбек Нұрсила жыныстық қатынас, әйел мен ер арасындағы байланыс туралы уағыз айтқыш молдалар мен имамдарды қатаң сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның пайымдауынша, дін жолындағы кісілердің әлеуметтік желі арқылы мұндай тақырыпта әңгіме айтуы әбестік.

«Қазіргі имам, молдаларға «Сексолог» деген атақты қоса беру керек қой және де Сексолог дегенді бірінші айту керек, содан кейін имама, молда деп атаса болады», – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында кәсіпкер.