$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда сарбазды ұрып өлтірді деп айыпталған лейтенант сотталды

Сот Ж.Шәкіровті «Билiктi асыра пайдалану» бабы бойынша кінәлі деп тапты.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Алматыда сарбазды ұрып-соғып, өлуіне әкелген лейтенантқа үкім шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Соттың мәліметінше, сарбаз Досымжан Сәлімжанның өліміне қатысты істі Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы Н. Жексембиев қарады.

Бұл іс бойынша лейтенант Шәкиров Қылмыстық кодекстің 451-бабы 2-бөлігі бойынша айыпталды.

«Сот Ж.Шәкіровті «Билiктi асыра пайдалану» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Жәбірленушінің пайдасына 10 млн теңге көлемінде моральдық зиян өндірілді», - делінген сот шешімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 2023 жылдың қазан айында Атырау облысы Құлсары қаласынан әскерге шақырылған Досымжан Сәлімжан борышын Жетісу облысы Сарыөзек кентіндегі №29108 әскери бөлімінде өтеп жүрген. Биыл мамырда әскери госпитальге түскен жауынгер он күннен соң сонда көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары