$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде жасөспірім оқу ақысын төлеу үшін жанармай бекетін тонаған

Сот оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Фото: mixnews
Фото: mixnews

Өскеменде электрлі арамен жанармай құю бекетіндегі кассаны тонамақ болған 20 жастағы жігіт үш жылға сотталды. Ол оқуының ақысын өтеу үшін осындай әрекет барған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Күзетші жігітке қарсыласып, қолына түскен темір банкаларды лақтыра бастаған. Олардың бірі шынжырлы араға түсіп, құрылғы тоқтап қалған.

Кейін жігіттің қолындағы құралы залалсыздандырылып, полицияға тапсырылды. Жігіт бұл қылмысқа университеттегі оқу ақысын төлеу үшін барғанын айтты. Сот оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

“Сот осы қылмыстық іске жаза түрін анықтау кезінде қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлардың болмауы, кінәні мойындау және шын жүректен өкінуін ескеріп үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады”, – деді Өскемен қаласының № 2 сотының судьясы Эльдар Мұқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары