$ 494.87  520.65  4.91

Мұнай бағасының құлдырауы Қазақстанға қалай әсер етеді?

Өткен аптада әлемдік мұнай бағасы 7,6 пайызға төмендеді. 

Фото: РБК
Фото: РБК

20 қазан шамасынан бастап елдегі мұнайлы мекен саналатын Маңғыстауда автогаз тапшы бола бастады. Көлік жүргізушілері ұзын-сонар кезек күтіп, проблеманың аяқ асты неден туындағанын түсіне алмаған еді. Сөйтсек, тапшылық тек Маңғыстауда емес, Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облысында да басталғаны мәлім болды. Әйтеуір өңірлердегі жүргізушілер автогаз таппай 1 аптадан артық сенделді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдиновтің сөзінше, мұнай нарығындағы қысқа мерзімді ауытқулардың бюджетке қатты әсері болмайды.

"Біздің мұнай онлайн режимде емес, ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша саудаланады. Мұнда баға айлардағы орташа баға негізінде қалыптасады. Сондықтан да кейбір ауытқулар болған кезде, олар бюджетте бірнеше айдан кейін көрінуі мүмкін. Мәселене, саладан түсетін салық түсімдері төмендей бастағанда делік. Мұнай компаниялары белгілі бір кезеңдердің кірістері есебінен салық төлейді", - деді ол.

Олжас Байдильдинов: Газ должен был подорожать давно ᐈ новость от 13:20, 03  января 2022 на zakon.kz

Ресми мәлімет бойынша 2023 жылы жылы сұйылтылған газға сұраныс 14 пайызға өсіп, 2,2 млн тоннаға жеткен. Ал газбен жүретін көлік қатары кейінгі үш жылда 1,5 есе көбейді. 2021 жылы газбен жүретін 313 мың көлік есепке алынса, қазір 582 мыңға жеткен. Мұның сыртында тіркелмеген көліктер бар. Осыны тілге тиек еткендер сұйытылған мұнай газының бағасы ішкі нарықта төмен екенін тағы да күн тәртібіне шығарды. Әрине, бұл айта-айта жауыр болған тақырып. Дегенмен бір назар аударар тұс – қазан айының басында, Атырау мұнай өңдеу зауыты бір айға жөндеуге жабылатын кезде Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев "Қазақстанда мұнай өнімдеріне тапшылық болмайды" деп жария еткен. Іс жүзінде олай болмай шықты. Жиі жөнделе беретін зауыттардың бірі жабылса, елдің келесі бір аймағында тапшылық сезіле қалатын жағдай ұмытылмапты.

Мұнай бағасы АҚШ-тың өнеркәсіптік статистикасының әлсіздігі және Ливиядағы өндірістің қалпына келуін күту жағдайында қыркүйектің басынан бері қысымға ұшырады.

Жалпы, сарапшылар мұнайдың тұрақты құлдырауының кем дегенде төрт себебін анықтайды.

Біріншіден, Ливиядағы өндірістің жақын арада қалпына келтірілетіні туралы жаңалықтар болды (Ливияның қорлары Африкадағы ең үлкен болып саналады). Ливиядағы мұнай өндіруді қысқарту және қалпына келтіру мәселесі (2022 жылы елдегі мұнай өндіру 60%-ға қысқартылды, кейін ол артты, кейін қайтадан төмендеді) саяси сипаттағы қарсы топтар арасындағы зорлық-зомбылық және әлеуметтік тұрақсыздық пен эпидемиядан туындағанын атап өтейік.

Ал Бенгазидегі "шығыс үкіметі" Триполидегі БҰҰ қолдауындағы үкіметпен келіспеушілік салдарынан мұнай өндіруді қысқартты. Бірақ қазір ымыра табылған сияқты.

Екінші себеп – Таяу Шығыстағы жағдай да 2023 жылдың күзіндегідей шиеленіскен емес. Хуситтердің белсенділігіне қарамастан, аймақтың негізгі елдері арасындағы текетірес бірте-бірте және мүмкіндігінше тынышталып келеді.

Мұнай бағасының төмендеуінің үшінші себебі 2024 жылдың көктемінен бастап іскерлік белсенділіктің төмендеуін көрсеткен Қытай экономикасында. Бірақ Қытай әлемдегі негізгі мұнай импорттаушы болып табылады.

Ақырында, планетаның "негізгі экономикасы" АҚШ-та біраз проблемалар бар. Америка өнеркәсібі өспейді, ал іскерлік белсенділік индексі жарты жылға жуық уақыт бойы 50-ден төмен болып қалды.

Сарапшы Расул Рысмамбетов осы жылғы мұнай нарығындағы жағдайға қаңтар айында баға беруге болатынын баса айтты.

"Яғни, 2024 жыл жақсы не жаман өтті деп сол уақытта ғана айта аламыз. Бүгінде жағдай қалыпты. Бізде ең үлкен стратегиялық тәуекел бар. Бұл Каспий құбыр консорциумының жұмысына қатысты. Ол арқылы біз мұнайдың көп бөлігін тасымалдаймыз. Қазір сарапшылар мұнай химиясын құру керек деп ұсыныстар айтып жатыр. Бұл біз үшін өте маңызды", - деді экономист Расул Рысмамбетов.

Расул Рысмамбетов: «Чем выше проценты по банковским кредитам, тем выше  должно быть налогообложение»

24 қазанда Астана уақытымен сағат 16.18-де желтоқсан айындағы Brent фьючерстері Лондондағы ICE Futures биржасында баррелі үшін 75,70 долларға дейін қымбаттады. Желтоқсандағы WTI фьючерстері NYMEX биржасында барреліне 71,54 долларға дейін көтерілді.

Бұл ретте сәрсенбі күні Brent пен WTI 1,4 пайызға төмендеген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары